«Бүгін біз Елорданың 2-ші жылу электр орталығында 6-шы қазаншұңқыр іске қосып отырмыз. Бұл Астана тұрғындарын жылумен және электр энергиясымен қамтамасыз етудің тұрақтылығын нығайтып, сенімділігін арттырады», — деді Ғабдолла Жақыпов.
Оның мәліметтеріне сүйенсек, аталмыш қазаншұңқыр Астанаға қосымша 210 Гкал/сағат жылу мен 40-50 МВт электр қуатын береді. «Ендігәрі Астаналық 2-ші жылу электр орталығының жалпы жылу қуаты 965 гигакалорияны, ал электр қуаты 350 МВт-ты құрап отыр», — деп түсіндірді «АстанаЭнерго» АҚ бас директоры.
Оның есептеулеріне сүйенсек, сонымен, Астананың екі жылу электр орталығының беретін жалпы жылу қуаты 1114 Гкал/сағатты, электр қуаты 365 МВт-ты құрайды. Ғабдолла Жақыпов: «жаңа қазаншұңқырдың пайдалануға берілуімен 2008-2009 жылдардағы жылу маусымындағы Астананың жылуға деген қажетін 100 пайыз жабамыз», — деп атап көрсетті. «Электр энергиясын біз қосымша сатып алуымыз қажет. Бірақ, біз қазір сыртқы көздерден 100 — 115 МВт-ты сатып алып отырсақ, станциялар қуатының 50 МВт-қа артуы есебінен жоғарыдағы кезең аралығында 70-80 МВт сатып алатын боламыз», — деді ол.
Осыған байланысты «АстанаЭнерго» АҚ бас директоры Елорданың электр энергетикасы нарығында мұндай жағдай алдағы жылдары, 2-ші жылу электр орталығында 5-ші турбина мен 7-ші, 8-ші қазандар іске қосылғанға дейін сақталатындығын еске салды. «Астананың энергетика саласын дамыту жоспарына сай, 5-ші турбинаны іске қосу 2010 жылға жоспарланып отыр. Сол жылы станциядағы 7-ші қазаншұңқырды да пайдалануға беру жоспарланып отыр», — деп толықтырды Ғ. Жақыпов.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті