Қазақстанда ағымдағы жылы заңсыз миграцияның 10 арнасы жабылды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда ағымдағы жылы заңсыз миграцияның 10 арнасы жабылды

Қазақстанда ағымдағы жылы заңсыз миграцияның 10 арнасы жабылды

Астана. 24 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанда ағымдағы жылы заңсыз миграцияның 10 арнасы жабылды. Бұл туралы ҚР ҰҚК -нің ресми өкілі Кенжеболат Бекназаров сенбі күні өткен баспасөз мәслихатында хабарлады.

  • 24 Желтоқсан 2007
  • 469
Фото - Caravan.kz

«Заңсыз миграцияның 10 арнасы жабылды. Қырғызстан, Өзбекстан және ҚХР азаматтарын заңсыз елге кіргізуді ұйымдастыру, соның ішінде ішкі істер органдары қызметкерлерін «бүркенумен», деректері бойынша бірқатар қылмыстық іс қозғалды»,- деді ресми өкіл.

Оның айтуынша, ІІМ және СІМ бірлесіп өткізген операциялар барысында ҚР болу ережелерін бұзған 4 мыңнан астам шетелдік азамат және азаматтығы жоқ тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Жалпы алғанда, 2007 жылы Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы 20 млн. астам тұлға және шамамен 3 млн. көлік құралдары өткізілді. 16,7 мың шекара бұзушы және 131 жүзу құралы ұсталды. 2 мыңнан астам контрабанда әрекетінің жолы кесілді. Каспийде бір ғана операцияның барысында 2 браконьерлік ошақ жойылды, заңсыз кәсібі үшін 42 жүзу құралы, 137 шетелдік ұсталды, 6 тоннадан астам бекіре тұқымдас балық, бір тоннадан астам уылдырық және 100 км кәсіби аулар тәркіленді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті