Департамент директоры Қайрат Сабыр хабарлағанындай, алдағы жылдан бастап департамент басшылығы Ақтөбенің сыртында құрт кеселіне шалдыққандарды ықтиярсыз емдеу бөлімшесін ашуды қолға алмақшы. Сондай-ақ, осы дертпен ауырып шыққандарды жұмыспен қамтамасыз ету және оларға баспана бөліп беру мәселесін шешу жоспарланып отыр.
«Құрт кеселінің ашық түрімен ауыратындардың арнайы ғимаратын салу үшін 300 млн теңгеден аса қаржы керек, алайда, ондай ақша бюджеттен бөлінбейтіндіктен, біздер кеңес үкіметі кезінде қала сыртындағы Құрашасай кентінде ықтиярсыз емдеу бөлімшесін қайта жандандыру мәселесін көтереміз», — деді Қ. Сабыр.
Директордың сөздері бойынша, «мұндай аурулар үшін бұл қолайлы жер, кеселдің ашық түрімен қала көшелерінде жүргенінше, осы оқшауланған ауылда емделу әлдеқайда қауіпсіз».
Құрт кеселінің ашық түрімен ауратындарға әлеуметтік бағдарлама бойынша қолдау көрсетіліп, бюджет есебінен баспана бөлінетін болады деп атап өтті Қ. Сабыр.
Департамент директорының ақпараты бойынша, бүгінде облыс бойынша кеселдің ашық түріне 1 мың адам шалдыққан болса, оның 24 жергілікті билік тарапынан бөлінген баспанаға ие.
Сондай-ақ, келесі жылдан бастап, денсаулық сақтау департаменті құқық қорғау органдарымен бірлесіп, құрт ауруына шалдыққан және ауырғандарды уақтылы есепке алу жөнінде мәселесін қолға алатын болады».
«Бұл адамдар еңбекпен түзеу мекемелерінен келіп түскен медициналық құжаттар негізінде есепке алынады. Алайда, іс жүзінде құжатта көрсетілген мекен- жай бойынша, ондай адамдардың тұрмайтындығы анықталып, олардың 30 % жыл сайын диспансерлік есепке алынбай қалады. Сондықтан, бұл мәселені шешу үшін, полиция қызметкерлерін жұмылдыру керек», — деп атап кетті Қ. Сабыр.
Бүгінде Ақтөбе облысы бойынша 3,7 мың адам туберкулез дертіне шалдыққан.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті