2008 жылы Оңтүстік Қазақстан облысындағы денсаулық сақтау саласының бюджеті 40 млрд теңгені құрайды - әкімшілік - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2008 жылы Оңтүстік Қазақстан облысындағы денсаулық сақтау саласының бюджеті 40 млрд теңгені құрайды - әкімшілік

2008 жылы Оңтүстік Қазақстан облысындағы денсаулық сақтау саласының бюджеті 40 млрд теңгені құрайды - әкімшілік

Шымкент. 24 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - 2008 жылы Оңтүстік Қазақстан облысындағы денсаулық сақтау саласының бюджеті 40 млрд теңгені құрайды. Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Тамара Дүйсенова өткен аптада әкімшілікте өткен отырыста хабарлады.

  • 24 Желтоқсан 2007
  • 421
Фото - Caravan.kz

«Бұдан былай денсаулық сақтау саласының мамандары қаржыдан тапшылық көрмейді. 2008 жылғы бюджет серпінді болмақ», — деді Т. Дүйсенова.

Әкім орынбасарының айтуынша, 2008 жылы медицина саласына биылғымен салыстырғанда 30 процент артық қаржы жұмсалады. Ауруханаларды жөндеуге, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге, жаңа жабдықтарды сатып алуға арналған қаржының ғана емес, сонымен бірге мамандарды оқытуға, жас дәрігерлерді әлеуметтік қолдауға бағытталған қаржының көлемі де ұлғайтылады.

«Сондай-ақ, ауылдарға жұмысқа жіберілген медициналық жоғары оқу орындарының түлектеріне әлеуметтік жәрдемге де қаржы қарастырылған. Біз бағдармен 40 млн теңге жоспарладық, бірақ, ауылда жұмыс істеуге ниет білдірген түлектердің саны көп болып жатса, онда мәслихаттың сессиясы арқылы, облыстық әкімшілік арқылы бұл қаржының көлемін арттыру мәселесін шешеміз», -деді өз баяндамасында Оңтүстік Қазақстан облыстық денсаулық сақтау департаментінің директоры Вячеслав Дудник.

Бұған қоса, Т. Дүйсенованың хабарлауынша, бірінші рет медициналық арнаулы автотранспорт кең көлемде сатып алынады. Бюджетте 140 жедел жәрдем көлігін сатып алуға ақша қарастырылған.

«Келесі жылғы мақсат — ақысыз медициналық көмекке әркімнің қолы жететіндей жағдай жасау. Бірақ ол үшін жергілшікті жерлерде бөлінген қаржыны тиімді пайдалану қажет», -деді әкімнің орынбасары.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті