Шығыс Қазақстан облысында үш көтерме сауда базарын салу жоспарланған - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шығыс Қазақстан облысында үш көтерме сауда базарын салу жоспарланған

Шығыс Қазақстан облысында үш көтерме сауда базарын салу жоспарланған

Семей. 24 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Шығыс Қазақстан облысында үш көтерме сауда базарын салу жоспарланған. Бұл туралы ШҚО әкімдігінің баспасөз қызметі ақпарат таратты деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 24 Желтоқсан 2007
  • 388
Фото - Caravan.kz

«Бүгінде Өскемен, Семей қалаларының шыға берісінде инвесторларды тарту арқылы ауыл шаруашылық өндірушілердің өз өнімдерін сата алатын қосымша 3 көтерме сауда базарын салу жоспарлануда», — деп түсіндірді облыс әкімдігіндегілер.

Өскеменде сондай-ақ, 5 гектар жерде құны $5 млн асатын жылыжай шаруашылығының құрылысы жүргізілуде.

«Ресей және Қытай шекараларында орналасқан кедендік тексеру бекеттерінің территорияларында 4 шекгарааралық сауда орталықтың құрылысы жоспарланған. Ет және сүт сататын нүктелерін құру бағдарламасы негізінде қосымша бордақылау алаңдары және 8 сүт-тауар фермасын құру жобасы қаржыландырылды», — деді шенеуніктер.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті