2008 жылы Қарағандының бюджеті 24 пайызға 18 млрд 553 млн 980 мың теңгеге дейін өсті - kaz.caravan.kz
  • $ 489.33
  • 566.3
+29 °C
Алматы
2026 Жыл
15 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2008 жылы Қарағандының бюджеті 24 пайызға 18 млрд 553 млн 980 мың теңгеге дейін өсті

2008 жылы Қарағандының бюджеті 24 пайызға 18 млрд 553 млн 980 мың теңгеге дейін өсті

Қарағанды. 24-желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Қала мәслихатының 4-ші сессиясында Қарағандының 2008 жылға арналған бюджеті бекітілді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі қалалық мәслихаттынң баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

  • 24 Желтоқсан 2007
  • 475
Фото - Caravan.kz

«Осы жылғы шығыстарға қатысты саясат экономиканың өсу қарқынынан аспайтын шектегі ағымдағы шығыстар деңгейін ұстау және теңестіру қағидасына сай. Білім беруге, әлеуметтік қорғауға, мәдениет пен тұрғындарды сапалы сумен қамтамасыз етуге бағытталған қаржы артықшылығы басым шығыстар болып табылады»,-деп атап өтті қала мәслихатының төртінші сессиясында экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің бастығы Ольга Чернявская.

Әлеуметтік салаға 8 млрд 615 млн 147 мың теңге бөлінген, бұл барлық бюджеттің 46,6 пайызын құрайды.

Аталмыш қаржы әлеуметтік төлемдер мен жәрдемақылар көлемін өсіруге жұмсалатын болады. Яғни, халыққа материалдық көмек беруге 546 млн 901 мың теңге бөлінген (баспана көмегі — 54 млн 178 мың теңге, мемлекеттік жәрдемақы — 18 млн 380 мың теңге).

Мүгедектерді сауықтыру жөніндегі бағдарламаға келесі жылы 2 млн теңге бөлінетін болады. Сонымен қатар, 1-ші және 2-ші топтағы мүгедектерге бюджеттік қаржы есебінен жолақысын төлеуде жеңілдіктер көрсетілетін болады.

«Жастар практикасы» атты бағдарламаға 4 млн теңге бөлінбек, бұл осы жылғы бөлінген қаржыдан екі есеге артық.

Үкіметтік емес ұйымдарға 28 млн теңге бөлінеді. Бұл қаржы 2007 жылы осы саланы қаржыландыру көлемінен екі есеге асып түседі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті