«Жымбыл облысының жол полициясының өтініші бойынша, Тұрар Рысқұлов поселкесінен «Высокое» жол бекетіне дейінгі 30 шақырымдық Алматы -Ташкент жол учаскесінде көлік қозғалысына тосқауыл қойылды «, — деп хабарлайды ТЖ департаментіндегілер.
«Жол қызметі жолдарды қардан тазалап үлгере алмағандықтан, жамбылдықтар осындай өтініштерін жеткізген «, — деп атап кетті баспасөз қызметі.
Сондай-ақ, департамент қызметкерлері айтқанындай, ОҚО Созақ ауданында Таскөмірсай асуында және Бәйдібек ауданында — Одаман бұлақ асуында қозғалыс тоқтатылды.
Бүгінде облыс бойынша ауа райы өте қолайсыз, қар жауып, желдің жылдамдығы секундына 17-22 метрге жетуде. Барлық қызметтерге күн райының бұзылатындығы ескертілді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті