Адахан Мадумаров Қырғызстан парламентінің спикері болып сайланды - kaz.caravan.kz
  • $ 477.17
  • 543.26
+31 °C
Алматы
2026 Жыл
30 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Адахан Мадумаров Қырғызстан парламентінің спикері болып сайланды

Адахан Мадумаров Қырғызстан парламентінің спикері болып сайланды

Алматы. 24 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Депутат Адахан Мадумаров Қырғызстан парламентінің спикері болып сайланды, деп хабарлайды агенттік Қырғызстанның "Кабар" ұлттық ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.

  • 24 Желтоқсан 2007
  • 378
Фото - Caravan.kz

«Кабар» ақпаратына сәйкес, оның кандидатурасы үшін 87 депутаттың 79-ы дауыс берсе, 8 депутат «қарсы» болды. Жарамсыз болған бюллетень жоқ.

Адахан Мадумаров бұл қызметке жалғыз үміткер атанды. Оның атын «Ақ Жол» халықтық партиясы ұсынды. Коммунистер мен социал-демократтар «өздерінің дауыстары ештеңені шеше алмайтынын» алға тартып, өз қатарларынан кандидатура ұсынудан бас тартты.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті