Қазақстанда бірінші қаңтардан бастап әлеуметтік төлемдер көлемі артады - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда бірінші қаңтардан бастап әлеуметтік төлемдер көлемі артады

Қазақстанда бірінші қаңтардан бастап әлеуметтік төлемдер көлемі артады

Астана. 24 желтоқсан "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанда бірінші қаңтардан бастап әлеуметтік төлемдер көлемі артады. Бұл туралы еліміздің еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев үкіметте өткен селекторлық жиында мәлім етті.

  • 24 Желтоқсан 2007
  • 519
Фото - Caravan.kz

«Базалық зейнетақыны қоса есептегенде ең төменгі зейнетақы мөлшері 26110 теңге болып, ең төменгі зейнетақы 18%-ға өседі, ал ең төменгі зейнетақыны алушылар саны азайып, ең жоғарғы зейнетақыны алатындар саны артады», -деді ол. Оның бағалауынша, 2008 жылдың 1-қаңтарынан бастап орташа зейнетақы 13660 теңгеге жетеді.

Сонымен бірге, министрдің айтуынша, 2008 жыллың 1-ші қаңтарынан бастап ең төменгі күнкөріс деңгейі биылғы 3910 теңгеден 2008 жылы 4220 теңгеге дейін өседі.

Министрдің айтуынша, келесі жылдан бастап «№2 тізім бойынша» арнаулы жәрдемақылар төлене бастайды. «Жәрдемақы мөлшері 8 Айлық есептік көрсеткішке тең, яғни, бұл 9344 теңге, оны 27 мың адам алады», — деді ол.

Сонымен бірге, министрдің айтуынша, 2008 жылдың 1-ші қаңтарынан бастап екіқабат әйелдер мен олардың босануына байланысты төлемдер артады.

Жалпы алғанда, келесі жылдың бюджетінде әлеуметтік төлемдерге 44,7 млрд теңге қарастырылған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті