«Жалпы 11 ай мен желтоқсанның 18 күнінде 64,764 миллион тонна мұнай шығарылды. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда төрт жарым пайызға артық», — деді Л. Қиынов. Сонымен қатар, әуе керосинінен басқа мұнай өндірудің барлық түрлерінің көлемі ұлғайтылды «.
«Осы уақыт аралығында жанар майды өңдеу 112,8 %, дизельдік отын 112, 4 % өсті. Ал әуе керосинін өндіру былтырғы жылмен салыстырғанда 92% құрады», — деп атап өтті ол.
Вице-министрдің айтқанындай, жыл басынан мұнай өнімдерінің бағасы Жамбыл облысын қоспағанда республика бойынша 4-10 теңгеге көтерілді. Жамбыл аймағында А-80 маркалы жанар- майдың бағасы 55-74 теңгеге дейін өсті.
«Біз негізгі мұнай өндірушілерімен мұнай өнімдерінің бағасын сол деңгейде қалдырып, 1 қаңтарға дейін көтермеу туралы уағдаластық «, — деп атап кетті Л. Қиынов.
ҚР премьер-министр Кәрім Мәсімов атап өткеніндей, алдағы жылдың басында үкімет тарапынан мұнай өнімдері нарығында интервенция жасалуы ықтимал. «Біз инфляцияны тежеу үшін белгіленген бір шараларды қолға алуымыз керек. Ал инфляцияның көтерілуіне мұнай өнімдері әсер етенін ескере отырып, осындай интервенция жасалуы мүмкін», — деді К. Мәсімов. Сонымен қатар, оның сөздері бойынша, «мемлекеттік ( инфляцияны тежеу үшін) реттеудің тәсілдері пайдаланатын болды».
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті