2008 жылдың бірінші қаңтарынан бастап табиғи газ бен электр қуатының бағасы қымбаттамайды - Кәрім Мәсімов - kaz.caravan.kz
  • $ 477.17
  • 543.26
+32 °C
Алматы
2026 Жыл
30 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2008 жылдың бірінші қаңтарынан бастап табиғи газ бен электр қуатының бағасы қымбаттамайды - Кәрім Мәсімов

2008 жылдың бірінші қаңтарынан бастап табиғи газ бен электр қуатының бағасы қымбаттамайды - Кәрім Мәсімов

Астана. 24 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" -2008 жылдың бірінші қаңтарынан бастап табиғи газ бен электр қуатының бағасы қымбаттамайды. Бұл туралы республика үкімет басшысы Кәрім Мәсімов үкіметте өткен селекторлық жиында мәлімдеді.

  • 24 Желтоқсан 2007
  • 458
Фото - Caravan.kz

«2008 жылдың бірінші қаңтарынан бастап табиғи газ бағасы қымбаттамайды. Табиғи монополияларды реттеу агенттігі мұндай рұқсатты ешкімге берген жоқ және осыған қатысты барлық хаттар кері қайтарылуға тиіс», -деп мәлімдеді Кәрім Мәсімов.

Сонымен бірге ол «барлық өңірлер бойынша электр қуатымен қамтамасыз етуші және оны жалғастырушы ұйымдарға тарифтерді көтеруге рұқсат берілмейтін болсын», деді.

«Бірінші тоқсанда баға қымбаттатылмайды», -деп шегеледі Кәрім Мәсімов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті