Қазақстанда өңдеу өндіріс көрсеткіштері тау-кен саласының көрсеткіштерінен жоғары - МСМ басшысы - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда  өңдеу өндіріс көрсеткіштері тау-кен саласының көрсеткіштерінен жоғары - МСМ басшысы

Қазақстанда өңдеу өндіріс көрсеткіштері тау-кен саласының көрсеткіштерінен жоғары - МСМ басшысы

Астана. 24 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанда өңдеу өндірістерінің даму көрсеткіштері тау-кен өндіру саласындағы көрсеткіштерінен жоғары. Бұл туралы бүгін парламентте өткен үкімет сағатында ҚР индустрия және сауда министрі Ғалым Оразбақов мәлімдеді.

  • 24 Желтоқсан 2007
  • 718
Фото - Caravan.kz

«Соңғы екі жылда қайта өңдеу өндірісінің даму көрсеткіштері тау-кен кәсіпорындарындағы көрсеткіштерінен асып түсті «, — деп хабарлады Ғ. Оразбақов.

Ол атап өткеніндей, «Қазақстанда 11 айда өндіріс өнімдері 6 трлн 915 млрд теңгеге шығарылды». «Былтырғы жылмен салыстырғанда жеке индекс көлемі 104,5% құрады».

Министрдің деректері бойынша, «тау-кен өндірісінде осы жылдың қаңтар-қараша айларында 3 трлн 909 млрд теңге өнім өндіріліп, 102,8% ұлғайды. Ал өңдеу кәсіпорындарында бұл көрсеткіш 2 трлн 637 млрд теңгеге жетіп, 106,9% құрады».

«Өңдеу өндірісіндегі тері илеу саласының даму көрсеткіші 37,8% құраса, химиялық өсім 28,2%, машина және құрал -жабдықтарды шығару көрсеткіші 21,8% жетті», — деп атап өтті Ғ. Оразбақов.

«Айтылған мәліметтерге сүйене отырып, биылғы жылы кәсіпорындардың қорытындылары кейбір жағымсыз жәйттерге қарамастан, оңтайлы болатынын болжауға болады», -деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті