«2004 жылы үкіметтің су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу ережесін бекіту туралы қаулысының қабылданғандығына қарамастан Семейдің су қорғау аймақтары мен белдеулеріндегі заң бұзушылықтар анықталмаған»,- деп хабарлады Марат Тұрабаев.
Оның айтуынша, бұл Ертіс өзенінің жағалауын жағалай бейберекет құрылыстардың салынуына әкеп соқтырған. «Істің осылай бет алуы салдарынан мұндай жерлерге құрылыс салу барысында аумақты көркейту шаралары қабылданбай, жағалауды нығайту және қоршаған ортаны сауықтыру жұмыстары мүлдем жүргізілмеген», — деп атап өтті ол.
Ол сондай-ақ, 500 метрлік су қорғау аймақтарында көптеген нысандар бой көтерген. «Заңға сәйкес, бұл 500 метрлік су қорғау аймағында туризм инфрақұрылымын дамыту мақсатындағы нысандардан басқа қандай да бір құрылыс салуға тыйым салынған. Ал Семейде мұндай аумақтарда үйлер, кафелер мен басқа да құрылыстар салынған»,- деп түсіндірді прокурор.
Оның ақпараттарына сүйенсек, жалпы тексеру барысында, қала әкімшілігі соңғы екі жылда заңға қайшы келетін 40-тан астам құрылыс салуға рұқсат берілген.
«Қала прокуратурасы барлық деректер бойынша қала әкімінің атына, сондай-ақ заңға қайшы құрылыстарды салуға келісім берген Ертіс бассейн су шаруашылық басқармасының атына наразылық енгізді» ,- деп хабарлады Марат Тұрабаев.
«Бұл прокурорлық актілер одан әрі орындалуға тиіс және де егер бұл құрылыс нысандары заңсыз деп танылса, онда олар бұзылатын болады»,- деп қорытындылады прокурор.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті