Осы жылдың желтоқсан айында мемлекеттік органдар арасындағы электрондық құжат айналымы 25 мыңнан асады- ҚР АБА - kaz.caravan.kz
  • $ 467.58
  • 543.66
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Осы жылдың желтоқсан айында мемлекеттік органдар арасындағы электрондық құжат айналымы 25 мыңнан асады- ҚР АБА

Осы жылдың желтоқсан айында мемлекеттік органдар арасындағы электрондық құжат айналымы 25 мыңнан асады- ҚР АБА

Астана. 26 декабря. "Қазақстан Бүгін" - Осы жылдың желтоқсан айында мемлекеттік органдар арасындағы электрондық құжат айналымы 25 мыңнан асады. Бұл туралы бүгін журналистерге берген сұхбатында ҚР ақпараттандыру және байланыс агенттігінің төрағасы Қуанышбек Есекеев құлағдар етті.

  • 26 Желтоқсан 2007
  • 504
Фото - Caravan.kz

«Барлық органдар электрондық құжаттарымен алмасып, бір жүйеде жұмыс істейді. Статистикалық деректер бойынша, осы жылдың қараша айында мемлекеттік органдар арасындағы құжаттар саны 24 мыңнан асты. Ал қазіргі уақытта органдар арасында электрондық түрде тіркелген құжаттар 25 мыңнан асқан шығар», — деді Қ. Есекеев.

Былтыр мемлекеттік органдар тарапынан электрондық жүйемен 7,5 мың құжат жіберілді.

АБА төрағасы хабарлағанындай, бүгінде «барлық мемлекеттік органдар премьер-министрдің кеңсесіне, президенттің әкімшілігіне электронды сандық жүйемен қол қойылған барлық құжаттарды электрондық түрде жіберіп отырады».

Сондай-ақ, агенттік төрағасы атап өткеніндей, мемлекеттік органдарда кадр алмасу жиі болғандықтан, жаңадан келген адамдарды қайта үйретуге тұра келеді. » Мемлекеттік органдар құжат айналымының ортақ электрондық жүйесін құру жобасы аясында 7 мың пайдаланушы оқытылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті