Ақмола облысында 4 адам жол апатынан қаза тапты - kaz.caravan.kz
  • $ 467.58
  • 543.66
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақмола облысында 4 адам жол апатынан қаза тапты

Ақмола облысында 4 адам жол апатынан қаза тапты

Астана. 26 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Ақмола облысында 4 адам жол апатынан қаза тапты, деп хабарлайды агенттік ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 27 Желтоқсан 2007
  • 402
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Ақмола облысының Шортанды кентінде Астана — Петропавловск тас жолының 65-ші шақырымында 26 желтоқсанда «Фольксваген» автокөлігінің жүргізушісі «Ниссан» автокөлігімен соқтығысты. Жол апаты салдарынан «Фольксваген» жүргізушісі мен үш жолаушы жарақат салдарынан оқиға орнында жан тапсырды; «Ниссан» жүргізушісі мен оның жолаушысы түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті