Қарағанды облысында бір үй өртеніп кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 467.58
  • 543.66
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағанды облысында бір үй өртеніп кетті

Қарағанды облысында бір үй өртеніп кетті

Астана. 27 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Қарағанды облысында бір үй толық өртеніп кетті, деп хабарлайды агенттік ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 27 Желтоқсан 2007
  • 291
Фото - Caravan.kz

ТЖМ ақпаратына сәйкес, 26 желтоқсанда 13 сағат 03 минутта Қарағанды облысының Топар кентінде сегіз пәтерлі тұрғын үй отқа оранып, толық жанып кетті. Өрт аумағы 315 шаршы метрді құрады. Өртті сөндіру барысында шатыр мен этаждар арасындағы жабындар жартылай құлап, 2 газ баллоны жарылды.

Өрт ҚР ТЖМ-нің өрт сөндіру қызметінің 32 адамы мен 6 техникасының күшімен 15 сағат 22 минутта сөндірілді.

«Үйіндіні аршыған кезде 60 жастағы әйелдің мәйіті табылды. Үйдің 15 тұрғыны жатақханада, 11 адам туыс-туғандарының үйлеріне орналастырылды», -деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті