Қазақстанда жыл қорытындысы бойынша телекоммуникацияның өсуі соңғы бес жылдағы көрсеткіштен кем болмайды - Ақпараттандыру және байланыс агенттігі - kaz.caravan.kz
  • $ 467.58
  • 543.66
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда жыл қорытындысы бойынша телекоммуникацияның өсуі соңғы бес жылдағы көрсеткіштен кем болмайды - Ақпараттандыру және байланыс агенттігі

Қазақстанда жыл қорытындысы бойынша телекоммуникацияның өсуі соңғы бес жылдағы көрсеткіштен кем болмайды - Ақпараттандыру және байланыс агенттігі

Астана. 27 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің басшылығы Қазақстанда 2007 жылдың қорытындысы бойынша телекоммуникация саласының өсуі соңғы бес жылдағы орташа жылдық көрсеткіштен кем болмайтындығын болжап отыр. Кеше тілшілерге берген сұхбатында төраға орынбасары Асқар Бишіғаев осындай болжам жасады, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

  • 27 Желтоқсан 2007
  • 425
Фото - Caravan.kz

«Соңғы бес жылда телекоммуникация саласының орташа жылдық өсімі 30 пайызды құрады. Менің ойымша, осы жылы да ол көрсеткіш кемімейді», — деді Асқар Бишіғаев.

Ол қазіргі уақытқа дейін бұл көрсеткіш шамамен 33-35 пайызды құрап отырғандығын атап өтті. «Яғни, сала республикадағы ең қарқынды өсу үстіндегі салалардың бірі. Ұялы байланыс желісі де ең жылдам қарқынмен өсуде», — деп атап өтті төраға орынбасары.

Оның айтуынша, операторлардың есептеулері бойынша ұялы байланысты пайдаланушылар саны Қазақстанда үстіміздегі жылдың желтоқсанына қарай 12 миллионға таяды. «Бірақ бұл жерде бұл көрсеткіш сатылған SIM-карттардың саны екендігін есте ұстаған жөн. Біреулер екі, енді біреулері үш SIM-картқа ие. Соған қарамастан, бұл ұялы байланысты пайдаланушылардың дүниежүзінде қабылданған санағы», — деп түсініктеме берді Асқар Бишіғаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті