Зюганов Ресей президенттігіне үміткер болып тіркелді - kaz.caravan.kz
  • $ 467.58
  • 543.66
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Зюганов Ресей президенттігіне үміткер болып тіркелді

Зюганов Ресей президенттігіне үміткер болып тіркелді

Мәскеу. 27-желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Ресейдің Орталық сайлау комиссиясы Ресей Федерациясы Коммунистік партиясының жетекшісі Геннадий Зюгановты Ресей Федерациясының президенттігіне үміткер ретінде тіркеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

  • 27 Желтоқсан 2007
  • 400
Фото - Caravan.kz

Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Владимир Чуров: «Орталық сайлау комиссиясы өзінің сәрсенбі күнгі отырысында Г. Зюгановты мемлекет басшылығына үміткер ретінде тіркеу туралы қаулы қабылдады», — деп мәлімдеді.

Үміткер куәлігін алғаннан кейін Г. Зюганов Ресейдің Орталық сайлау комиссиясы сайлау процесіне қатысушылардың диалогын кеңейтуге ықпал ететініне үміт білдірді. «Біз барлығымыз да кәдімгі әділ сайлаудың болуына мүдделіміз», — деді үміткер Г. Зюганов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті