«Несиені аудара отырып 13-14 желтоқсан күндері Владимир Путиннің Беларуссиға сапары барысында қол жеткізілген келісімдерді іске асыруды Ресей жағы бастап кетті», — деді Ресей Федерациясының премьер-министрі. Сапар және Мемлекеттік жоғарғы кеңес отырысы барысында қабылданған шешімдер біз үшін аса жоғары маңызға ие. Біз бұдан әрі қарай бірлесіп жасайтын жұмысымыздың басты бағыттары анықталды. Және Ресей қол жеткізілген келісімдерді жүзеге асыруға бел шеше кірісіп кетті», — деп мәлімдеді Виктор Зубков.
Ол Ресей Мемлекеттік жоғарғы кеңесі отырысының қорытындысы бойынша жасаған Беларуссияның тілегін қабылдағанын атап көрсетті. Ол бойынша, теміржол тасымалында бірыңғай баға орнату туралы және дәрі-дәрмекті өндіру және жеткізуде ынтымақтасу туралы тағы екі маңызды келісімге қол қойылған. «Бұл келісімдердің мазмұны бойынша Ресей мекемелерінде әрқилы пікір болған. Алайда, соған қарамастан шешім қабылдап, аталмыш келісімдерге қол қойдық», — деп мәлімдеген Виктор Зубков бұл іске Беларусь жағының да осы тұрпатта қарайтынына Ресей үміттенеінін білдірді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті