Астананың мерейтойына орай бірқатар транспорт кешендері пайдалануға беріледі - kaz.caravan.kz
  • $ 467.58
  • 543.66
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астананың мерейтойына орай бірқатар транспорт кешендері пайдалануға беріледі

Астананың мерейтойына орай бірқатар транспорт кешендері пайдалануға беріледі

Астана. 25-желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Астананың мерейтойына орай бірқатар транспорт кешендері пайдалануға беріледі. Бұл туралы қала мәслихатының сессиясында сөз сөйлеген Астана әкімі Асқар Мамин мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

  • 27 Желтоқсан 2007
  • 494
Фото - Caravan.kz

Атап айтқанда, Асқар Маминнің айтуынша, «М-3 көпірін, магистральдық айналма автожолын ашу, Есіл өзенінің үстінен өтетін көпірді жөндеуден өткізу және «Рамстор» сауда орталығының маңындағы туннель түріндегі жолайрықты, №19 және Гастелло көшелерінің қиылысындағы жолайрықты, сондай-ақ, Бөгенбай даңғылы бойындағы жол құрылысы жұмыстарын аяқтау жоспарланып отыр».

Сонымен бірге, «2007 жылы Есіл өзеніндегі М-2 көпірі, Тәшенов көшесіне шығатын Ақбұлақ өзеніндегі көпір, Иманов пен Гумилев көшелерінің қиылысындағы жолайрық, сондай-ақ, Балқантау, Манкент, Гастелло көшелері, Бөгенбай даңғылының жөндеуден өткізілген V-бөлігі пайдалануға берілді», — деп хабарлады әкім.

Сонымен қатар, «төрт ірі бөлікте көлік құралдарын өткізу қамтамасыз етілді. Теміржол желісі және Махтумкули көшесі арқылы екі жол құрылысын аяқтау Железнодорожный ауылының 20 мыңнан астам тұрғынына кедергісіз қатынасты қамтамасыз етуге мүмкіндік туғызды», — деп сөзін жалғастырды ол.

Астана әкімі сондай-ақ, Елорданы халықаралық қауіпсіздік деңгейіне жеткізу және көлік ағындарын оңтайландыру үшін халықаралық ST Electronics (Сингапур) компаниясы қозғалысты басқару орталығын құру бойынша жобалық-сметалық құжаттар дайындалуда. Сонымен қатар, компания ұсынысымен көшелердің жиырмадан астам проблемалы қиылыстары мен бөліктерінде жол қозғалысын жетілдіруге бағытталған шаралар жүзеге асырылуда. Оның ішінде жетеуі бойынша жұмыстар үстіміздегі жылы аяқталып қойған.

«Қоғамдық көліктердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін қала әкімшілігі концессия механизмдері — мемлекет пен жеке кәсіпкерлердің серіктестігі негізінде Астананың жаңа көліктік жүйесін салу жобасын жүзеге асыруға дайындық жүргізіп жатыр», — деді Асқар Мамин.

Астана әкімі, сондай-ақ, осы жылы қаланың жолаушылар тасымалы кәсіпорындары 157 автобус пен 304 такси көлігін сатып алғанын хабарлады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті