Алматы әуежайында ұшақ құлау және адамның қаза табу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды - kaz.caravan.kz
  • $ 467.58
  • 543.66
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы әуежайында ұшақ құлау және адамның қаза табу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды

Алматы әуежайында ұшақ құлау және адамның қаза табу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды

Алматы. 26 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Көліктегі Оңтүстік-шығыс департаменті Алматы әуежайында "Челленджер" CL-60 маркалы ұшағының құлау және адамның қаза табу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады. Бұл туралы агенттік тілшісіне Алматы транспорттық авиациялық прокуроры Марат Төлеубаев хабарлады.

  • 27 Желтоқсан 2007
  • 512
Фото - Caravan.kz

«Қылмыстық іс ҚР Қылмыстық кодексінің 295ші бабының 2 тармағы бойынша (әуе көлігін пайдалану және қозғалыс қауіпсіздігі ережелерін бұзудың салдарынан байқаусызда адамның өліміне апарып соқтыру) қозғалды. Әзірге қандайбір нақты жорамал жасау ерте. Қазір оқиға орны тексеріліп, ұшақтың сынықтары мен «қара жәшігін» әріқарайғы сараптамалар үшін сақтап қалуды қамтамасыз ету жұмыстары жүргізіліп жатыр», — деді М. Төлеубаев.

Оның айтуынша, Ганновер — Алматы — Гонконг бағытында транзитті рейске шыққан, бортында D-ARWE саны бар, Jet Connection Bussines Flight (Германия) компаниясына қарасты ұшақ Алматы әуежайына отын құйып алу үшін қонған.

Ұшақта төрт адам, соның ішінде үш экипаж мүшесі мен бір жолаушы- шетел азаматтары болған. Германия азаматы болып табылатын бір ұшқыш қаза тауып, үшеуі Алматыдағы төртінші клиникалық ауруханаға жеткізілді.

«Ұшу кезінде күн райының ахуалы талаптарға сай болған, әуежай жұмысының тәртібі бұзылмаған. Ұшақтың ұшырылым алдындағы дайындығы толыққанды жүргізілген», — деді авиациялық прокурор.

Алматы әуежайында Көліктегі Оңтүстік-шығыс департаменті мен желілік ішкі істер бөлімінің қызметкерлерінен жедел тергеу тобы құрылды. Сонымен бірге, ұшақ апатының себептерін тексеру үшін ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігінің мемлекеттік авиақадағалау басқармасының бастығы Амантай Жолдыбаев басқарған комиссия құрылды.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, кеше түнгі сағат 3 шамасында Алматы әуежайында «Челленджер» CL-60 маркалы ұшағы ұшу кезінде ұшып-қону жолағынан көтеріле бере қисайып кету салдарынан оң жақ консолымен жерне жанаса бағыттан ауытқып, әуежайдың бетон қоршауына соқтығысты, бұдан кейін ұшақ құлап, толық жанып кетті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті