«Жолдарда қарыс адым жер көрінбей қалуға байланысты облыс орталығынан шығатын жол барлық бағыттарда жабылды. Қар жауу, боран соғу жалғасып, желдің жылдамдығы секундына 22 метрге дейін, кей жерлерде секундына 27 метрге дейін жетуіне байланысты халыққа елдімекендердің аумағынан тысқары шығуға, саяхатқа шығуға жасалған жоспарларынан бас тарту, су қоры мен дербес жарық көздерін қамтамасыз етуге кеңес берілді. Шаруашылық нысандарының басшылығына өндірістердегі сыртқы жұмыстарды тоқтату, тәулік бойы кезекшіліктер ұйымдастыру, электр қамтамасыздығының апаттық көздерін дайындау, өрт сөндіру құралдарын әзірлеу тапсырылды», — деп хабарлайды департамент.
ШҚО күн райын бақылау орталығының мәліметінше, мұндай күн райы ахуалы 30 желтоқсанға дейін созылады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті