Үкімет 2008 жылы инфляцияның өсіміне жол бермеу ниетіне тағы да сендіреді - kaz.caravan.kz
  • $ 467.58
  • 543.66
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Үкімет 2008 жылы инфляцияның өсіміне жол бермеу ниетіне тағы да сендіреді

Үкімет 2008 жылы инфляцияның өсіміне жол бермеу ниетіне тағы да сендіреді

Астана. 27 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Үкімет 2008 жылы инфляцияның өсімімен күреске бар күші-жігерін жұмсау ниеті бар екеніне тағы да сендіреді. Бұл туралы үкімет басшысы Кәрім Мәсімов бүгін "Нұр Отан" халықтық-демократиялық партиясының парламент мәжілісіндегі фракциясының жанынан құрылған азаматтық қоғам институттарымен және мәслихаттармен байланыс жөніндегі кеңестің бірінші отырысында сөйлеген сөзінде мәлімдеді.

  • 27 Желтоқсан 2007
  • 399
Фото - Caravan.kz

«2008 жылғы басты мақсат — инфляциямен күрес», — деп мәлімдеді премьер-министр.

Ол «тариф белгілеу, 2008 жылы тарифтердің негізсіз өсуі, азық-түлік өнімдері бағасының негізсіз өсімі мәселелеріне аса қатаң бақылау қойылатынын» атап өтті.

«Бұл құбылыспен біз нарықтық тәсілдермен, соның ішінде интервенцияның есебінен күресетін боламыз», -деді Кәрім Мәсімов.

Сонымен бірге премьер-министр, «2008 жыл біз үшін тұрақтылық жылы болуға тиіс» деген пікірде. «Экономиканың сәл-пәл «салқындауы» біз үшін пайда болмақ», -деп пайымдайды ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті