Алматы қалалық жол полициясы күшейтілген қызметке кірісті - kaz.caravan.kz
  • $ 467.58
  • 543.66
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы қалалық жол полициясы күшейтілген қызметке кірісті

Алматы қалалық жол полициясы күшейтілген қызметке кірісті

Алматы. 27-желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Жол полициясы алдағы мерекеге байланысты күшейтілген қызметке кірісті. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне Алматы қалалық Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 27 Желтоқсан 2007
  • 563
Фото - Caravan.kz

«Жаңа жылға қарай көліктер саны ұлғайады. Сыйлық алу үшін, корпоративтік кештер өткізу үшін немесе достары мен туыстарын құттықтау үшін көптеген адамдар Алматыға келеді. Көліктің көптігі, әрине, көшелердің өткізу көлеміне және жалпы жол қозғалысының жағдайына әсерін тигізеді», — деп хабарлады Алматы қалалық Ішкі істер департаменті жол полициясы басқармасы басшысының орынбасары Бақыт Малыбаев хабарлады.

Оның айтуынша, қала көшелеріндегі кептелістер мен жол көлік оқиғаларының өсуіне ауа-райының нашарлауы да өз әсерін тигізген.

«Жаңа жылдың алдында жол қозғалысының барлық ережелерін сақтаңыздар. Жол қозғалысын реттеушілердің талаптарын орындаңыздар. Өз көліктеріңізді тек арнайы орындарға ғана қойыңыздар. Кез-келген жерге көліктеріңізді тастап кетпеңіздер», — деп Б. Малыбаев көлік жүргізушілерін тәртіпке шақырды.

Оның айтуынша, мереке күндері негізгі көше қиылыстарында жол қозғалысын барлығы 300-ден астам жол қозғалысы инспекторлары қадағалайтын болады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті