ТЖМ ақпараты бойынша, 27 желтоқсанда Маңғыстау облысының Жынғылды ауылының азық-түлік дүкенінде 5 шаршы метр жерде өрт өршіп, бес адам газдан уланды. «Оның төртеуі ауруханаға апарар жолда көз жұмды. Олардың арасында 12 жасар бала да бар», деді ТЖ департаментінде.
Өртті ауыздықтауға ТЖ қызметінің 8 өрт сөндірушісі және бір техника жұмылдырылды.
Сонымен қатар, Шымкенттің тұрғын үйлердің бірінде 28 желтоқсанда 01.03 сағатта 15 шаршы метр жерді өрт ұшқыны шарпып, көмір қышқыл газынан 2 адам уланып, оқиға орнында көз жұмды. Тілсіз жау ҚР ТЖМ өрт сөндіру қызметінің 8 адамы және екі техникасын жұмылдыру арқасында 01.52 сағатта сөндірілді.
Қарағандыда, көп қабатты пәтерлердің бірінде төрт шаршы метр жерде орын алған өртті ауыздықтау кезінде 65 жастағы әйел адамның өлі денесі табылды. Ал газдан улангған ер адам ауруханаға жеткізілді. Жергілікті тұрғындар ҚР ТЖМ өрт сөндіру қызметі келмей жатып, тілсіз жауды сөндіріп үлгерді
27 желтоқсанда, Батыс Қазақстандағы Щапово поселкесінде жер үйлердің бірінде лаулаған өртті сөндіру кезінде 77 жастағы ер адамның мәйіті табылды. Өрт ҚР ТЖМ өрт сөндіру қызметінің күшімен 16.00 сағатта ауыздықталды. Бұл жұмысқа 8 адам және 2 техника жұмылдырылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті