«Біз өтіп бара жатқан жыл ішіндегі екіжақты ынтымақтастықтың оң жетістіктері жөнінде және жаңа жылдағы өзара іс-қимылдың оңтайлы перспективалары туралы әңгімелестік»,- деп хабарлады Д. Ордвей журналистерге кездесу аяқталғаннан кейін.
Оның айтуынша, ол мемлекет басшысына АҚШ Мемлекеттік хатшысы Кондолиза Райстың Қазақстанның 2010 жылы ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуіне дейінгі кезеңнің ынтымақтастық жоспары туралы хатын табыс еткен. «Осы төрағалық табысты болуы үшін біз Қазақстанмен және осы Ұйымның басқа да мүшелерімен бірлесе жұмыс істеуге дайынбыз, — деді Д.Ордвей журналистерге арналған брифингте.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті