«Бүгінде Жамбыл ГРЭС бес қуат блогы іске қосылып, апатты оқиғаға дейін жұмыс істеген тәртіппен жұмыс істеуде», — деп хабарлады В. Кокарев.
Кеше ҚР премьер-министрі Кәрім Мәсімовпен болған кездесуде Жамбыл ГРЭС жетекшілері кәсіпорынды қайта жөндеу және жаңарту жөніндегі инвестициялық бағдарламаларына қолдау көрсетуді сұрады. Премьер қысқа мерзім аралығында бұны шешу жөнінде тапсырма беріп, жоғарыда аталған мәселе бойынша көмек көрсететінін айтты.
Жамбыл су электр стансасында болған апаттың себеп-салдарының туындауын анықтау үшін, арнайы құрылған комиссия құрылды. Олар күн сайын осы мәселеге байланысты премьер-министр алдында есеп беруде.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті