«Алдағы жылы үлкен өзгерістер болады. Көлік-логистикалық орталығын саламыз, бізде мұнай болмағандықтан, біз Семейдің жағрафиялық орналасуын тиімді пайдаланамыз. Қытай мен Ресей жақын «, — деді қала әкімі.
«Бұлақ ГЭС құрылысын бастаймыз. Бұл жоба корпоративтік жетекші 30 бағдарламасы қатарына кіреді. Қазір электр қуатына үлкен жүктеу түсіп отырғандықтан, бизнес иелері өте ауыр жағдайда. Егер ГЭС-ті тұрғызатын болсақ, онда элек қуатының өзіндік құны төмендейді «, — деп атап кетті М. Айнабеков.
Қала әкімі айтқанындай, 2008 жылы өзен вокзалы, 1200 орынға арналған мектеп, сауықтыру-спорт орталығы, халықаралық вокзал, балалардың құрт ауруына қарсы ауруханасы, балалар бақшасы және дәрігерлерге арналған тұрғын- үй құрылыстарын салу жоспарланған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті