Байқоңырдан 2008 жылы 20-дан астам ұшырылым жоспарлануда - kaz.caravan.kz
  • $ 467.58
  • 543.66
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Байқоңырдан 2008 жылы 20-дан астам ұшырылым жоспарлануда

Байқоңырдан 2008 жылы 20-дан астам ұшырылым жоспарлануда

Байқоңыр. 28-желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Байқоңырдан 2008 жылы 20-дан астам ұшырылым жоспарлануда, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі ғарыш айлағындағы ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып.

  • 28 Желтоқсан 2007
  • 443
Фото - Caravan.kz

Ақпарат көзінің мәліметтеріне сүйенсек, «26-желтоқсанда «Глонасс-М» ғарыш аппаратын алып ұшқан «Протон» зымыран тасығышы 2007 жылғы Байқоңыр ғарыш айлағындағы ұшырылым науқанын аяқтаған болатын. Бір жыл ішінде Байқоңырда 20 ғарыш ұшырылымы жүзеге асырылған, олардың ішінде 10 «Союз» зымыран тасығыштары (барлығы табысты ұшырылған), 7 «Протон» зымыран тасығыштары (1 апатқа ұшыраған), 2 «Днепр» және 1 «Зенит» табысты ұшырылған.

Сөйтіп, Байқоңыр 2007 жылы да дүниежүзінде ұшырылым саны бойынша бірінші орынды иеленді (дүниежүзінің барлық ғарыш айлақтарында жүзеге асырылатын ұшырылмдардың 35 пайызға жуығы оның үлесінде).

2008 жылы Байқоңырдан 20-дан астам ұшырылым жүргізу жоспарлануда: 8 — 9-ға жуық «Союз» зымыранын (олардың 2-і «Союз ТМА» пилотты ғарыш кемесімен, 4-і «Прогресс М» жүк кемесімен бірге), 9 — 10 «Протон» зымыранын, және 6 «Зенит-3SLB» модернизацияланған зымырандарының ұшырылымы межеленген. Сонымен қатар, бірнеше «Днепр» зымыран тасығышының көмегімен ғарыш аппараттарын ұшыру жоспарланған.

Байқоңырда жүзеге асырылатын ғарыш ұшырылымдарының нақты саны мен оларды ұшыру мерзімдері 2008 жылдың басында белгілі болады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті