Павлодар облысының әкімі Қайрат Нүрпейісовтың бұйрығымен табиғат ресурстары және табиғатты пайдалануды реттеу жөніндегі департаментінің жаңа басшысы қызметіне Николай Нетребский тағайындалды.
Облыс әкімінің баспасөз қызметінің деректері бойынша, жаңа директордың жасы 59-да. Н. Нетребский Украинада туып, Целиноград ауыл шаруашылық институтының «агроном-ғалым» мамандығы бойынша оқу бітіріп, кейін Алматының «жоғары партия мектебін» тәмамдады.
Н. Нетребский Павлодар обласында, «Пограничник» совхозында агроном ретінде өзінің қызметін бастады. Аймақта бірнеше жыл бойы салық органдарында жұмыс істеді.
2005 — 2007 жылдар аралығында Павлодар облысының ҚР мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің төрағалық қызметін, кейін агенттіктің тәртіптік кеңесінің хатшылық меңгерушісі болып қызмет атқарды.
Соңғы жұмыс орны- облыс әкімінің бас инспекторының қызметі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті