Байқоңыр ғарыш айлағында жақын арадағы ғарыш ұшырылымдарына дайындық жүріп жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 467.58
  • 543.66
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Байқоңыр ғарыш айлағында жақын арадағы ғарыш ұшырылымдарына дайындық жүріп жатыр

Байқоңыр ғарыш айлағында жақын арадағы ғарыш ұшырылымдарына дайындық жүріп жатыр

Байқоңыр. 28-желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Байқоңыр ғарыш айлағының мамандары үшін жаңа жылдық демалыс жақын арадағы ғарыш ұшырылымдарына дайындық жүргізуге байланысты қысқартылатын болады, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі ғарыш айлағындағы ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып.

  • 29 Желтоқсан 2007
  • 599
Фото - Caravan.kz

Ғарыш айлағында Ресейдің «Экспресс-АМ33» байланыс жер серігін алып ұшатын «Протон-М» зымыран тасығышын, «Прогресс М-63» жүк кемесін алып ұшатын «Союз-У» зымыран тасығышын және Израильдің Amos-3 жер серігін алып ұшатын «Зенит-3SLB» зымыран тасығышының алдағы ұшырылымдарға дайындық жаңа жылдық демалысқа қарамастан толық көлемде жүргізілетін болады, бұл 2007 жылдың 30-желтоқсанынан 2008 жылдың 8-қаңтарына дейін жалғасады.

«Экспресс-АМ33» ғарыш аппаратын алып ұшатын «Протон-М» зымыран тасығышын ұшыруға қарқынды дайындық жұмыстары 2008 жылдың алғашқы күндерінде басталады. «Экспресс-АМ33» ғарыш аппаратын М. Решетнев атындағы қолданбалы механикалық ғылыми-өндірістік бірлестігінен қаңтардың басында әкелу күтілуде. Қазіргі уақытта ғарыш айлағында Байқоңырға үстіміздегі жылдың 25-желтоқсанында жеткізілген «Протон-М» зымыран тасығышын ұшыруға дайындық жұмыстары жүргізілуде.

Келесі жылы Байқоңырда жүзеге асырылатын ұшырылым науқанын ашатын Ресейдің «Экспресс-АМ33» байланыс жер серігін алып ұшатын «Протон-М» зымыран тасығышын ұшыру 2008 жылдың қаңтар айының соңына межеленген.

Сонымен қатар № 254 алаңның монтаждау-сынақ корпусында «Прогресс М-63» жүк кемесінің жүйесіне тексеру жұмыстары жүргізілуде. Ғарыш жүк кемесін Халықаралық ғарыш станциясына «Союз-У» зымыран тасығышының көмегімен ұшыру келер жылдың 7-ақпанына межеленген.

Сондай-ақ, Ресейдің Ауыр машина жасау жөніндегі конструкторлық бюросы, «Вымпел» тәжірибелік-конструкторлық бюросы, «Байқоңыр» Федералдық ғарыш орталығы, Украинаның «Южное» конструкторлық бюросы мен басқа да ғарыш ұйымдары Израильдің Amos-3 жер серігін алып ұшатын «Зенит-3SLB» зымыран тасығышын ұшыруға дайындық жұмыстары жалғастыруда.

Байқоңырдан Amos-3 ғарыш аппаратын алып ұшатын модернизацияланған «Зенит-3SLB» зымыран тасығышының алғашқы ұшырылымы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті