«Астана-Бәйтерек» монументі алдындағы алаңда мемлекет басшысы шексіздікті бейнелейтін дөңгелек түрінде салынған мұз қалашықты аралап көрді. Мұнда сондай-ақ киіз үйлер қалашығы жабдықталған. Алаңда 70-тен астам мүсін орнатылған, оларды қалауға мұздан жасалған бір миллионға жуық кірпіш пайдаланылды.
«Астана — Өрнек» ЖШС-нің директоры Серікжан Балтаевтың айтуынша, Елорданың негізгі алаңын ғарыштан көруге болады. Ол мұнда 450 прожектор орнатылып, сондай-ақ, 24 мұз мүсіннің өзіндік жарық беру иллюминациясымен безендірілуінің арқасында мүмкін болды», — деп түсіндірді ол.
Орталық мәдениет және демалыс саябағының жанында тағы бір мұз қалашық бой көтерді. «Оның тақырыбы елорданың 10 жылдық мерейтойына арналған. Мұнда Астананың жаңа әкімшілік ғимараттары — Ақорда резиденциясы, Бейбітшілік және келісім сарайы, Көлік және коммуникациялар министрлігі, «Астана салтанаты» тұрғын үй кешені және елорданың басқа да нысандарының мұздан жасалған көшірмелері қойылған. Оларға қазақ халық ертегілерінің кейіпкерлері ерекше сән беріп тұр. Мұнда барлығы 47 конструкция мен мұздан қаланған мүсін орнатылған. Қалашықтың жалпы аумағы 5 мың шаршы метр», — деп хабарлады «Қазақстан Бүгін» агенттігінің тілшісіне қала әкімшілігінің баспасөз қызметіндегілер.
Содан кейін президент «Думан» ойын-сауық кешеніне барып, Астана қаласы әкімінің «Аладиннің «Астана-2010″ болашақтың қаласына жаңажылдық саяхаты» Жаңажылдық балына қатысты.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті