«Өзбекстан Республикасы президентінің сайлауы туралы» заңның 14 және 35-ші баптарына сәйкес, Өзбекстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы Ислам Кәрімовты Өзбекстан Республикасы президенттігіне сайланды деп санау туралы қаулы қабылдады», деп көрсетілген 2007 жылдың 28-желтоқсанындағы Өзбекстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының кезекті отырысында қабылданған Орталық сайлау комиссиясының қаулысында.
Естеріңізде болса, Өзбекстан президентінің сайлауы 2007 жылдың 23-желтоқсанында болған.
Орталық сайлау комиссиясының мәліметтеріне сүйенсек, тіркелген 16 миллион 297 мың 400 сайлаушыдан сайлауға 14 миллион 765 мың 444 сайлаушы қатысқан. Ол тізімге енгізілген барлық сайлаушылардың 90,6 пайызы болып табылады.
Орталық сайлау комиссиясы ақпаратына сүйенсек, Кәсіпкерлер мен іскер адамдардың қозғалысы — Либералды-демократиялық партия атынан ұсынылған Ислам Кәрімовтың кандидатурасына сайлауға қатысқан жалпы сайлаушылардың 88,1 пайызы немесе 13,8 млн адам өз дауысын берген.
Сайлауға қатысқан жалпы сайлаушылардың ішінде Өзбекстанның Халықтық-демократиялық партиясының атынан сынға түскен Аслиддин Рустамовтың кандидатурасына 468 мың 64 сайлаушы немесе 3,17 пайызы, сайлаушылардың бастамашыл тобы атынан ұсынылған Акмаль Саидовтың кандидатурасына 420 мың 815 сайлаушы немесе 2,85 пайызы, «Адолат» социал-демократиялық партиясы ұсынған Дилорам Ташмухамедовқа 434 мың 111 сайлаушы немесе 2,94 пайызы дауысын берген.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті