«Владимир Путин Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен телефон арқылы әңгімелесті. Мемлекет басшылары жақындағы Мәскеудегі кездесу барысында қол жеткізілген келісімдерді жүзеге асыру мәселелерін, сондай-ақ, ТМД аясындағы өзара интеграциялық іс-қимыл тақырыбын талқыға салды», — деп көрсетілген сайтта жарияланған хабарламада.
Сондай-ақ, «Владимир Путин мен Нұрсұлтан Назарбаев келе жатқан Жаңа 2008 жылдың алдында игі тілектермен алмасты».
Сонымен бірге, Владимир Путин Қырғызстан президенті Құрманбек Бакиевпен де телефон арқылы байланысқа шыққан.
«Мемлекет басшылары бір-бірлерін және Ресей мен Қырғызстан халықтарын келе жатқан Жаңа жылмен құттықтады. Владимир Путин, сондай-ақ, Құрманбек Бакиевті ТМД төрағасы қызметінде табыстар тіледі», — деп көрсетілген хабарламада.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті