Қазақстанда әуе рейстерінің кешігуі жиілеп кетті - Көлік және коммуникация министрлігі - kaz.caravan.kz
  • $ 467.58
  • 543.66
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда әуе рейстерінің кешігуі жиілеп кетті - Көлік және коммуникация министрлігі

Қазақстанда әуе рейстерінің кешігуі жиілеп кетті - Көлік және коммуникация министрлігі

Астана. 29-желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан Республикасында әуе рейстерінің кешігуі жиілеп кеткен. Ұшырылым тұрақтылығы мәселесі жөніндегі жиналыста Қазақстанның көлік және коммуникация министрі Серік Ахметов "Эйр Астана" әуекомпаниясы мен Астана, Алматы және Атырау әуежайлары басшыларының назарын осыған аударды. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 29 Желтоқсан 2007
  • 401
Фото - Caravan.kz

«Министр Серік Ахметов жиналысқа қатысушылардың назарын әуе рейстерінің кешігуінің жиілеп кеткендігіне аударды. Рейстердің кешігуі мен онда көрсетілетін қызметтерге қатысты әуе жолаушыларының шағымдары мен наразылықтары орынды. Әуекомпаниялары мен әуежайлардың жұмыстарындағы кемшіліктер атап көрсетіліп, оған жол берген себептер анықталды»,- деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер.

Баспассөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, жиналыста «Эйр Астана» АҚ әуе кемелерінің ұшырылымдарының тұрақтылығы мен жолаушыларға көрсетілетін қызмет сапасын жақсартуға қатысты нақты тапсырмалар берілді.

Жиналыс барысында, қысқы маусымдарда ұшақтарға дер кезінде қызмет көрсету үшін әуежайлардың жердегі қызметттерін қосымша техникалармен қамтамасыз ету шараларын қабылдау қажеттілігі айтылды.

Азаматтық авиация комитетіне өкілетті орган ретінде, ұшырылымдардың тұрақтылығы мен ескірген әуе кемелерін пайдалануға қойылатын талаптарды қатайтуды ерекше бақылауға алу тапсырылды.

Сонымен қатар, Атырау әуежайында жолаушыларға қызмет көрсету жөніндегі біртұтас оператор құру мақсатында әуежайда жаңа жолаушылар мен жүк терминалдарын салу мәселесі де қарастырылды, деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті