Қазақстанда өрттердің салдарынан бір адам қаза тауып, үшеуі жараланды - ТЖМ - kaz.caravan.kz
  • $ 467.58
  • 543.66
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда өрттердің салдарынан бір адам қаза тауып, үшеуі жараланды - ТЖМ

Қазақстанда өрттердің салдарынан бір адам қаза тауып, үшеуі жараланды - ТЖМ

Астана. 29 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанда өрттердің салдарынан бір адам қаза тауып, үшеуі жараланды, деп хабарлайды агенттік ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 29 Желтоқсан 2007
  • 324
Фото - Caravan.kz



ТЖМ ақпаратына сәйкес, Алматы облысының Гайрат кентінде тоғыз пәтерлі бір қабатты үйде шыққан өртті сөндірген кезде 41 жастағы ер адамның мәйіті табылды. Өрт ҚР ТЖМ-нің өрт сөндіру қызметінің 7 адамы мен 2 техникасының күшімен сөндірілді.

Сонымен бірге, Астанада жай үйде 300 шаршы метр аумақта өрт шықты. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрт ҚР ТЖМ-нің өрт сөндіру қызметінің 60 адамы мен 9 техникасының күшімен сөндірілді.

Қарағандыда 28 желтоқсанда «Таис» ЖШС-нің баспаханасында 40 шаршы метр аумақта өрт шықты. Өрт салдарынан 3 адам ауруханаға жатқызылды. Өрт ҚР ТЖМ-нің өрт сөндіру қызметінің 50 адамы мен 9 техникасының күшімен сөндірілді.