Оңтүстік Қазақстан облысында жүк поезының үш вагоны шойын жолдан шығып кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 467.58
  • 543.66
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оңтүстік Қазақстан облысында жүк поезының үш вагоны шойын жолдан шығып кетті

Оңтүстік Қазақстан облысында жүк поезының үш вагоны шойын жолдан шығып кетті

Астана. 29 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Оңтүстік Қазақстан облысында жүк поезының үш вагоны шойын жолдан шығып кетті, деп хабарлайды агенттік ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 29 Желтоқсан 2007
  • 398
Фото - Caravan.kz

ТЖМ ақпаратына сәйкес, 28 желтоқсанда 18 сағат 10 минутта Оңтүстік Қазақстан облысында Қостүйін темір жол станциясында жүк поезінің мақта тиеген бір вагоны мен контейнерлер тиелген 2 вагоны шойын жолдан шығып кетті. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Апаттан қалпына келтіру жұмыстарына Арыс темір жол бекетінің қалпына келтіруші поезы тартылды. 23 сағат 56 минутта барлық жұмыстар аяқталды.

«Жолаушылар поездарынан Ақтөбе мен Алматының арасында қатынайтын №24 поездың қозғалысы 4 сағатқа, Алматы мен Мәскеу арасында қатынайтын №7 поездың қозғалысы 3 сағатқа кешіктірілді», — деп хабарлайды ТЖМ баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті