2007 жылдың 11 айында төлем карточкаларының саны 30 пайызға артты - kaz.caravan.kz
  • $ 467.58
  • 543.66
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2007 жылдың 11 айында төлем карточкаларының саны 30 пайызға артты

2007 жылдың 11 айында төлем карточкаларының саны 30 пайызға артты

Алматы. 29 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - 2007 жылдың 1 желтоқсанындағы жағдай бойынша банктердің шығарған төлем карточкаларының саны 5,5 млн. дана құрап, бұл карточкалардың ұстаушыларының саны - 5,2 млн. адам болған (2006 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда бұл көрсеткіштер сәйкесінше 29,9% және 29,4% артқан. Бұл туралы ұлттық банктің баспасөз қызметі хабарлады.

  • 29 Желтоқсан 2007
  • 442
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, төлем карточкаларының ішінде неғұрлым көп тарағаны халықаралық жүйе карточкалары болып келеді. Олардың өзіндік үлесі 96,3%, ал жергілікті жүйе карточкаларының өзіндік үлесі — 3,7%. 2006 жылдың 1-ші желтоқсанында бұл арақатынас 90,2% және 9,8% құраған болатын.

2007 жылдың қарашасында қазақстандық эмитенттердің төлем карточкаларын қолдану арқылы жасалған транзакцияларының көлемі 179,6 млрд. теңге құрады (өсім 2006 жылдың қараша айымен салыстырғанда 50,6%).

2007 жылдың қараша айында транзакциялардың саны 7,9 млн. транзакцияны құрап, 2006 жылдың қараша айымен салыстырғанда 31,0%-ға өскен. Сондай-ақ, қолма-қол ақшасыз төлемдер санының (1,2 млн. транзакцияға дейін немесе 51,9%-ға) қолма-қол ақша алуға байланысты операциялар санының өсуімен (6,8 млн транзакцияға дейін немесе 27,9%-ға) салыстырғанда жоғары қарқынмен өсуі байқалады.

2007 жылдың 1 желтоқсанындағы жағдай бойынша 19 банк және «Қазпочтасы» АҚ нақтылы түрде төлем карточкаларын шығаруды жүзеге асыруда. Екінші деңгейлі банктер жергілікті жүйе төлем карточкаларын: Altyn Card — «Қазақстанның Халықтық Банкі» АҚ, SmartAlemCard -«ТуранАлем банкі» АҚ, «Каспий банкі» АҚ, TemirCard — «Темiрбанк» АҚ, «Сити банкі» АҚ, «Цесна банкі» АҚ жергілікті карточкалары және Kazcard — «Казпочта» АҚ шығаруда. Бұдан басқа, қазақстандық банктер келесідей халықаралық жүйе карточкаларын шығарумен және таратумен айналысуда: VISA International, Europay International, American Express International, China Union Pay және Diners Club International.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті