Шығыс Қазақстан облысында қаңтардың бірінші онкүндігінде ауа температурасы 42 градусқа дейін төмендейді деп күтілуде - kaz.caravan.kz
  • $ 467.58
  • 543.66
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шығыс Қазақстан облысында қаңтардың бірінші онкүндігінде ауа температурасы 42 градусқа дейін төмендейді деп күтілуде

Шығыс Қазақстан облысында қаңтардың бірінші онкүндігінде ауа температурасы 42 градусқа дейін төмендейді деп күтілуде

Семей. 29-желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Шығыс Қазақстан облысында қаңтардың бірінші онкүндігінде ауа температурасы 42 градусқа дейін төмендейді деп күтілуде. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне Семейдің төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасынан хабарлады.

  • 29 Желтоқсан 2007
  • 472
Фото - Caravan.kz

Қаңтардың бірінші онкүндігінде ауаның температурасы түнде 21 — 26 градусқа дейін, кей жерлерде 31 градустан 32 — 37 градусқа дейін, тіптен кей жерлерде 42 градусқа дейін төмендейді; ал күндіз 10 — 15 градустан 32 градусқа дейін төмендеуі мүмкін.

Екінші онкүндікте ауа температурасы түнде 22 — 28 градус аяз болады деп күтілуде.

Үшінші онкүндікте ауа температурасы 18-ден 23 градусқа дейін, кей жерлерде 28 градусқа дейін ауытқиды деп болжануда.

Ай бойы жиі боран болады деп күтілуде. Бірінші онкүндіктің соңында батыс бағытындағы желдің күші секундына 15 — 20 метрге дейін жетуі мүмкін.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті