«Тиісті органдарымен келісім- шарт жасамастан, заңды және жеке тұлғалардың пайдалы қазбаларды өз бетімен шығарып отырғандығы анықталды «, — деп хабарлады прокурор.
Оның сөздеріне қарағанда, жер қойнауын пайдаланушылар тарапынан келісім-шарт міндеттері және экологиялық, санитарлық-эпидемиологиялық заңдары орындалмаған.
Жаңаарқа ауданының прокуратурасының ақпараты бойынша, «Тазасу-жылу» ЖШС және ДЭУ-43 КОФ «Қазақавтодор» РМК Сарысу көлі жағалауынан өз бетімен құм, балласты тиеп, шығарып отырған.
«Анықталған заң бұзушылықтарды реттеу үшін, Қарағанды облысының прокуратура органдары тарапынан жеті ұсыныс жазылып, оның қорытындысы бойынша 10 жетекші қызметкер әкімшіліктің жауапкершілікке тартылып, 316 мың теңгеге айыппұл алынды. Сондай-ақ, әкімшіліктің екі лауазымды қызметкері әкімшілік жауапқа тартылып, 60 мың теңгенің айыппұлы салынды «, -деді Ж. Сыздықов.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті