"Ауыл-авто" бақылау өткізу бекетінде 29 желтоқсанда 17 килограмм есірткі тәркіленді - kaz.caravan.kz
  • $ 467.58
  • 543.66
+11 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Ауыл-авто" бақылау өткізу бекетінде 29 желтоқсанда 17 килограмм есірткі тәркіленді

"Ауыл-авто" бақылау өткізу бекетінде 29 желтоқсанда 17 килограмм есірткі тәркіленді

Астана. 3 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Шекарашылар жасағы "Ауыл-авто" бақылау өткізу бекетінде 29 желтоқсанда 17 килограмм есірткі тәркіледі. Бұл туралы агенттікке ҚР ҰҚК шекара қызметінің баспасөз қызметінде хабарлады.

  • 3 Қаңтар 2008
  • 522
Фото - Caravan.kz

«Шетелдік көлікпен Қазақстаннан Ресей жаққа бет алған Ресей азаматы мен екі Өзбекстан азаматы ұсталды. Иісшіл иттерді
пайдалану арқылы көліктің жүк тиейтін бөлігінде жатқан газ баллоны ішінен героин сақталған қап табылды», — деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер.

Ұсталғандардың берген ақпараты бойынша, шекарашылар сондай-ақ, есірткі иесі болған Тәжікстан азаматын құрықтады. Барлық қолға түскендер Шығыс -Қазақстан облысының ҰҚК департаментінің қызметкерлеріне тапсырылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті