Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 3 қаңтарда Алматы облысында Алматы-Талғар тас жолының 10-шақырымында «Ауди» көлігінің жүргізушісі «Субару» автокөлігімен соқтығысты. Апат салдарынан «Субару» көлігінде отырған жолаушы әйел оқиға орнында жан тапсырды; екі жүргізуші де түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.
Сонымен бірге, 3 қаңтарда 19 сағатта Алматының Әуэзов ауданында «БМВ» көлігінің жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кетті. Ер адам жедел жәрдем көлігі жеткенше жарақаттан қайтыс болды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті