Ұлттық банк қысқа мерзімді ақша беру арқылы банк жүйесін қолдайтын болады - ҚР премьер-министрі - kaz.caravan.kz
  • $ 467.58
  • 543.66
+11 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ұлттық банк қысқа мерзімді ақша  беру арқылы банк жүйесін қолдайтын болады - ҚР премьер-министрі

Ұлттық банк қысқа мерзімді ақша беру арқылы банк жүйесін қолдайтын болады - ҚР премьер-министрі

Астана. 8 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Ұлттық банк қысқа мерзімді ақша беру арқылы банк жүйесін қолдайтын болады. Бұл туралы үкіметтің селекторлық отырысында ҚР премьер-министрі Кәрім Мәсімов мәлімдеді деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 8 Қаңтар 2008
  • 439
Фото - Caravan.kz

«Банк жүйесінің жағдайы Қазақстанның экономикалық тұрақтылығы үшін аса маңызды, сондықтан Ұлттық банк түрлі тәсілдермен қысқа мерзімді ақша беру арқылы банк жүйесіне қолдау көрсететін болады «, — деді К. Мәсімов.

Ол атап өткеніндей, «Қаржылық бақылау агенттігі мен Ұлттық банк ашықтық қағидаларын ұстанып, нарық қатысушылары мен екінші деңгейдегі банктердің акционерлері арасында әділ тәуекелдерді тең бөліп, жұмыстың ойдағыдай өтуіне септігін тигізеді».

«Қаржылық бақылау агенттігі мен Ұлттық банк, банктер тарапынан қосымша қаржы көздерін, яғни қосымша эмиссия акцияларын тарту, облигацияларды конвертациялау сияқты операцияларды қолдайтын болады «, — деп атап өтті үкімет басшысы.

Оның пікірі бойынша, бұл іс- қимылдар «банктердің қаржылық жағдайын жақсартатын болады». «Қаржылық бақылау агенттігі мен Ұлттық банк банктердің осындай қаржы құралдарын игеру жолында қолдау көрсету арқылы, олардың халықаралық нарықтан қарыз алу тәуелділігін азайтатын болады «, — деді К. Мәсімов.

Осындай жолмен, мемлекеттік органдар экономикалық тәуекелдерді басқарудың тепе-теңдік қағидасы бойынша жұмыс істеп, тұрақты экономикалық дамуға қол жеткізіп, жеке сектордың мемлекеттік ресурстардан көп мөлшерде қаржы алуын жояды», — деп қорытындылады К. Мәсімов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті