«Халықаралық қаржы нарығындағы тұрақсыздық пен әлемдік экономиканың айқын даму перспективаларының болмауы халықаралық рейтингтік агенттіктердің Қазақстанның рейтингін төмендетуіне себеп болды», — деді Кәрім Мәсімов.
Оның айтуынша, «әлемдік қаржы нарығын жаулап алған тұрақсыздық Қазақстан экономикасына әсер етпей қоймады». «Мұндай құбылыстар еліміздің ғаламдық экономикалық процестерге жоғары деңгейде интеграцияланғанын тағы бір мәрте дәлелдей түседі», — деді премьер.
Кәрім Мәсімов үкіметтің Ұлттық банкпен және Қаржылық бақылау агенттігімен бірлесе отырып, мемлекеттік органдар мен банк секторының сыртқы факторлардың ел экономикасына тигізетін кері әсерін жоюға бағытталған іс-әрекетінің жоспарын дайындағанын еске салды. «Сонымен қатар Қазақстан экономикасының бәсекелестік қабілетін күшейтуге және қүрылымдық реформалар жүргізуге бағытталған шаралар да дәйектелген», — деді Кәрім Мәсімов.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті