Үкіметте ішкі жанар-жағармай нарығын реттеу жөніндегі жұмыс тобы құрылды - вице-премьер - kaz.caravan.kz
  • $ 467.58
  • 543.66
+11 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Үкіметте ішкі жанар-жағармай нарығын реттеу жөніндегі жұмыс тобы құрылды - вице-премьер

Үкіметте ішкі жанар-жағармай нарығын реттеу жөніндегі жұмыс тобы құрылды - вице-премьер

Астана. 8 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Үкіметте ішкі жанар-жағармай нарығын реттеу жөніндегі жұмыс тобы құрылды. Бұл туралы вице-премьер Өмірзақ Шүкеев журналистерге берген сұхбатында құлағдар етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 8 Қаңтар 2008
  • 636
Фото - Caravan.kz

«Үкіметте энергетика және минералды ресурстар министрі Сауат Мыңбаевтың басқаруымен тиісті топ құрылды», -деді Ө. Шүкеев.

Оның айтуынша, ішкі жанар-жағармай нарығын реттеу бойынша Қазақстанда «іс жүзінде тәжірибе жинақталған, ол еліміздің барлық өңірдеріндегі мұнай өнімдерінің балансын жасауға негізделеді».

«Мұнай бағасының жоғары болуына байланысты жер қойнауын пайдаланушылар мен мұнайдың қожайындарының мұнайды ішкі мұнай өңдеу зауыттарына жіберуге құлықсыз екені түсінікті жайт», — деді вице-премьер. «Бірақ, ішкі нарық пен халықтың мүддесі бар, сол себепті біз барлық қажетті нарықтық және әкімшілік ресурстарды пайдалану арқылы ішкі нарықты қамтамасыз етуге, жанар-жағармай бағасының күрт қымбаттауына жол бермеуге шара қолданатын боламыз», -деді Ө. Шүкеев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті