2008 жылы екінші деңгейлі банктерге ҚР Қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау агенттігі тарапынан жасалатын қадағалау күшейтіледі - kaz.caravan.kz
  • $ 467.58
  • 543.66
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2008 жылы екінші деңгейлі  банктерге ҚР Қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау агенттігі тарапынан жасалатын қадағалау күшейтіледі

2008 жылы екінші деңгейлі банктерге ҚР Қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау агенттігі тарапынан жасалатын қадағалау күшейтіледі

Астана. 8-қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - 2008 жылы екінші деңгейлі банктерге Қазақстан Республикасының Қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау агенттігі тарапынан жасалатын қадағалауды күшейту жоспарлануда. Бұл туралы бүгін үкіметтің селекторлық отырысы барысында Қазақстан Республикасының премьер-министрі Кәрім Мәсімов мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

  • 8 Қаңтар 2008
  • 1024
Фото - Caravan.kz

«Халықаралық қаржы нарығындағы конъюнктураның тез өзгеруі үкімет тарапынан да, басқа реттеуші органдар тарапынан да дер кезінде әрекет етуді талап етеді. Қаржы нарығы үшін әлеуетті тәуекелділіктерді дер кезінде анықтау оларды жоюда жедел шаралар қабылдауға мүмкіндік береді»,- деді Кәрім Мәсімов. «Осыған байланысты екінші дәрежелі банктерге Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау агенттігі тарапынан жасалатын қадағалауды күшейту, агенттіктің техникалық және штаттық базасын кеңейту, ақпараттарды жинау және талдау жүргізудің әдістерін жетілдіру жоспарлануда»,- деп қосты премьер-министр.

Премьер, Қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау агенттігі банк секторларының тәуекелділіктерді басқару және несиелік қоржынға стресс-тест жүргізу әдістерін жетілдіру жөніндегі бастамаларын қолдап отырғандығын, атап көрсетті.

«Қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау агенттігі мен Ұлттық банк дүниежүзілік қаржы нарығындағы ахуалды қадағалап, нарық коньюктураларының өзгеруіне талдау жүргізіп, Қазақстан Республикасының үкіметіне әлеуметтік және экономикалық саясатқа дер кезінде түзетулер енгізу үшін ақпараттар беріп отырады»,- деп атап өтті К. Мәсімов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті