«Қарағандыда «Экспресс», «Ахат», «Таксокомбинат» секілді бірнеше тасымалдаушы 20 теңгелік тариф бойынша жұмыс істейді. Бұл кәсіпорындардың басшылығы бізге тарифті 20-дан 30 теңгеге дейін көтеру жөнінде өтініш жасаған. Облыстық жолаушылар транспорты басқармасының деңгейінде кеңес өткізіліп, оның барысында осы жылдың 1 сәуіріне дейін жолақысы 20 теңге деңгейінде қалатындығы туралы мәмілеге келдік», — деді Нұрлан Мәжитов.
Тасымалдаушылардың жолақысын өз бетімен көтеруі заңсыз , деді ол. «Егер қала тұрғындары осындай дерекпен бетпе-бет келіп жатса, онда біздің басқармаға келіп арыз жазып, бағыттың номері мен шағын автобустың мемлекеттік номерін көрсетуі керек. Біз онда тасымалдаушылармен келісім-шартын бұзып, бағыттарды қайта тендерге шығарамыз», -деді Н.Мәжитов.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті