Қарағандыдағы бір әскери бөлімшеде бір әскер өзіне өзі қол жұмсаған - kaz.caravan.kz
  • $ 467.58
  • 543.66
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағандыдағы бір әскери бөлімшеде бір әскер өзіне өзі қол жұмсаған

Қарағандыдағы бір әскери бөлімшеде бір әскер өзіне өзі қол жұмсаған

Қарағанды. 8-қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - 2-қаңтар күні таңертең Қарағанды облысының қала түріндегі Спасск кентінде орналасқан 31775 әскери бөлімшесінің оқу орталығының клубында шұғыл қызметке тартылған әскердің мәйіті табылған. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне орталық гарнизонның әскери прокуратурасының бас прокуроры Абай Увайдильдинов хабарлады.

  • 8 Қаңтар 2008
  • 717
Фото - Caravan.kz

«Бұл азаматтың асылып өлуіне ненің түрткі болғандығы туралы айту әзірге ертерек. Тергеу жұмыстары — барлық болжамдар, соның ішінде әлімжеттік жасалуы мүмкін деген болжам да қаралып жатыр»,- деп хабарлады Абай Увайдильдинов.

Оның айтуынша, 3-қаңтарда тергеуге дейінгі тексеру жүргізілгенен кейін, әскери-тергеу басқармасы Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 370-бабының 2-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғаған (бір-бірінің арасында бағыныштылық қатынастары болмаған кезде әскери қызметшілердің арасындағы өзара қарым-қатынастардың жарғылық ережелерін бұзу). Ол сондай-ақ, шұғыл қызметтегі қатардағы әскер қазақстанның әскер қатарына 2007 жылдың қараша айында шақырылғандығын хабарлады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті