Агенттік мәліметінше, Шуроабад ауданындағы «Тера» шуарышылығының бақташысы, 42 жастағы Сафар Эмомовты Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитеті мен Шуроабад шекарашылар отрядының қызметкерлері кепілдіктен босатты.
Агенттік мәліметінше, С.Эмомовты Ауғанстан ислам Республикасының тұрғыны, есірткі контрабандашыларының жетекшісі Наим Валади Назар өткен жылдың желтоқсан айының басында кепілдікке алған.
«Ховар» агенттігіне Тәжікстан Республикасының Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитеті комитеті Шекара әскерлері бас басқармасының баспасөз орталығынан хабарлағанындай, бұдан бір ай бұрын тәжік шекарашылары мен қауіпсіздік органы қызметкерлері тағы бір табысты операция жүргізіп, нәтижесінде Шуроабад ауданындағы бір мектепте оқитын 9 -шы сынып оқушысы Хушнуди Сафар мен 11-ші сынып оқушысы Хушбахти Сафарды кепілдіктен босатқан болатын.
Аадамдардың кепілдікке алыну себептері туралы ақпарат жоқ.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті