ҚР Каспий теңізіндегі аумақтық бөлігінде жоғалған жеті дағыстандық балықшы табылды - kaz.caravan.kz
  • $ 467.58
  • 543.66
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР Каспий теңізіндегі аумақтық  бөлігінде жоғалған жеті дағыстандық балықшы табылды

ҚР Каспий теңізіндегі аумақтық бөлігінде жоғалған жеті дағыстандық балықшы табылды

Атырау. 8 қаңтар. "Казақстан Бүгін" - Қазақстанның Каспий теңізіндегі аумақтық бөлігінде Маңғыстау облысының іздеушілері былтырғы жылғы желтоқсанның аяғында жоғалған жеті дағыстандық балықшыны тапты, деп хабарлайды агенттік тілшісі Маңғыстау облысының ТЖ департаментіне сілтеме жасай отырып.

  • 8 Қаңтар 2008
  • 516
Фото - Caravan.kz

Атырау облысының шекара отряды штабының басшысы Вячеслав Рахман агенттікке хабарлағанындай, Атырау шекарашылары Атырауға қарасты Каспий теңізінің территориясын бірнеше рет аралап өткенімен, адамдарды немесе кемелерді көрмеген. Жоғалған жеті адамды Маңғыстау шекарашылары тапты. Балықшылардың жағдайлары жақсы, ешкім үсімеген.

«Бүгінде оларды Россей Федерациясына аттандыру мәселесі» талқыланып жатыр. Жоғалған балықшылар арасындағы 4 дағыстандық әлі табылмаған. Оларды іздестіру жұмыстары жалғасуда», — деп хабарлайды Маңғыстау облысының ТЖ департаменті.

Бұдан бұрын хабарланғанындай, 27 — 28 желтоқсанда Дағыстанның Кизляр ауданынан 5 қайықпен бірнеше дағыстандық теңізшілері Каспийге балық аулауға шыққан. Белгіленген уақытта балықшылар үйлеріне оралмағандықтан,олардың туған -туыстары іздеу салған. Оларды іздестіру шараларына Атырау, Маңғыстау облыстарының шекарашылары, құтқарушылары, су полициясы, тік ұшағы мен кемелері бар «Аджип ККО» компаниясы қатысты.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті